«Радуга» жазғы мектеп жанындағы алаңының екінші күні жарқын да қызықты өтті!
https://www.instagram.com/p/DKZZuCqIq8Y/?hl=ru
Таңертең балалар белсенді күн тәртібіне қуана кірісті:
1️⃣ «Достасып, бірге, ретпен – бәріміз таңғы жаттығуға!» — сергіп, жақсы көңіл-күйге бөлендік!
2️⃣ Мектеп аумағын тазаладық - алаңды жинау жұмыстары жүргізілді.
3️⃣ Топ әні, ұраны мен ұжымдық девизді үйреніп, командалық рухты нығайттық.
4️⃣ Дәмді таңғы ас ішіп, күш жинадық.
5️⃣ Лагерьдің туы мен эмблемасы байқауында қиялымызды іске қостық.
6️⃣ Ойын сағатында қызықты әрі көңілді уақыт өткіздік.
7️⃣ Қауіпсіздік ережелері бойынша әңгіме жүргізіліп, күннің соңында бассейнде шомылып, керемет демалдық!
Күн қуаныш пен күлкіге толы болды. «Радуга» алаңында әр күн – нағыз мереке!