"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2022жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгіорта мектебі» ММ. Заңды мекенжайы Жаныспай ауылы, Ленин көшесі, 18 үй

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Жаныспай ауылының НОМ» 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылы ведомствоға бағынысты білім беру ұйымына 23мемлекеттік қызмет көрсетілген;

Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 21 қызмет; көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген -2 қызмет. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"; "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"; "Негізгі,орта,жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"; "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

                Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://esil.aqmoedu.gov.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 білімбасқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары менережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылы білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттыжариялады. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйедеАkmola.kz порталында жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.  Мемлекеттік қызметтерде бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. 2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 

 

Мектеп директоры                                                 Н.Лазаренко

 

 

 

 

Орынд. А.Виситаева

Тел.29650

 

Жаңартылған күні: 10.03.2023 09:19
Құрылған күні: 10.03.2023 09:19

Текст