"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп

 

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер 
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:" Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңыспай ауылының негізгі орта мектебі"КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Жаңыспай ауылы, Ленин көшесі, 18
Жаңыспай ауылының орта мектебі " КММ жанындағы "Қоңырау" шағын орталығы 
Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі", ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы Есіл ауданы, Жаңыспай ауылы, Ленин көшесі, 18
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңыспай ауылының ЖББОМ" КММ-де 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы 23 қызмет көрсетілді:
          "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 6 қызметтер;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -17
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. 
 
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
 
    2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
       1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://esil.aqmoedu.gov.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ ақпараттық стенділерде негізгі талаптардың тізбесі орналастырылған 
Мемлекеттік қызмет көрсету. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген. 
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Жаңыспай ауылының орта мектебі" КММ әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде мақалалар жарияланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ай сайын көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.  
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.  
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жауаптылар мемлекеттік қызметтер көрсетуде біліктілікті арттыру курстарынан өтті, болашақта біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтерді алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
        2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері бақылау іс-шараларын жүргізді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.  Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5.  Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 12:33
Құрылған күні: 04.03.2024 17:02

Текст