"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш, негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жобасы

Директордың басшылығымен кеңес өтті, онда бастауыш, негізгі және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасына негізгі өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Күн тәртібінде келесі тақырыптар қозғалды:
1. Стандарттың жалпы ережелері
2. Оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
3. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
5. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Білім алушылардың құзыреттілік тәсіліне, кәсіби бағдарлануына және академиялық адалдық қағидаттарына ерекше назар аударылды. Бұл аспектілер білім беру процесін жаңғырту және білім беру сапасын арттыру үшін маңызды болып табылады.
Пәндік салалардағы өзгерістер, STEAM дағдыларын дамыту, креативтілік, құқықтық сауаттылық және оқушылардың ерте бейінделуі егжей-тегжейлі талқыланды.
Кеңес нәтижелі атмосферада өтті, Білім беру саласына жаңа талаптарды енгізу бойынша педагогтарға ұсынымдар әзірленді


Текст