"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15 наурыз – Қайырымдылық күні: «Ардагерлерді ардақтайық!»

15.03.2025

Бүгінгі Қайырымдылық күні аясында біз өз өмірін білім мен тәрбиеге арнап, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген құрметті ұстаздарымызды еске алып, оларға алғысымызды білдіреміз.
Біздің ардагер-ұстаздарымыз – нағыз білім шамшырақтары! Олар 40 жылдан астам уақыт бойы өз еңбектерімен мыңдаған баланың жүрегіне ізгілік нұрын септі, білім нәрімен сусындатты. Әрбір сабақтарында тек ғылымды ғана емес, адамгершілікті, адалдық пен еңбекқорлықты үйретті. Бұл кісілер – біздің мектебіміздің мақтанышы, сарқылмас тәжірибе мен даналықтың иелері.
Наурыз – жаңару мен игіліктің, бірлік пен мейірімнің мейрамы. Осы мерекеде біз сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, жүректеріңізге қуаныш тілейміз. Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттері, ал сіздердің тәлімдеріңіз әрдайым өмірін білімге арнаған әрбір оқушының жүрегінде сақталады.

Просмотров: 189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст