"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

16 НАУРЫЗ – «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ»

16.03.2025

Бүгін мектебімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық ойын – асық ату сайысы өтті.
Асық ату – тек ойын ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылық. Ол ептілікті, дәлдікті, шапшаңдықты дамытып қана қоймай, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге мүмкіндік береді.

Оқушылар бұл жарысқа ерекше қызығушылықпен қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әрбір түскен асықтың бағы, әрбір дәл тигізілген «қақпайдың» қуанышы ұлттық ойынның ерекше рухын сезінуге көмектесті.
Осы шаралар арқылы біз ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеміз. Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан қалған аманат, ал оны дәріптеу – біздің міндетіміз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 

Просмотров: 532

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст