"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дүниежүзілік кітап күніне орай мектеп кітапханасында «Кітапханаға жақсы кітап сыйла!» атты игі әрі маңызды акция өтті.

23.04.2025

Шараның мақсаты – кітапхана қорын жаңа әрі қызықты басылымдармен толықтыру, сондай-ақ оқушыларды кітапқа деген қамқорлық пен сыйлау мәдениетіне баулу болды.
Акция аясында оқушылар өздеріне ұнаған, бірақ оқып болған кітаптарын кітапханаға сыйға тарта алды. Барлық әкелінген кітаптар жақсы күйде болды, ал кейбіреулерінде болашақ оқырмандарға арналған жылы лебіздер мен тілектер жазылған еді.

https://www.instagram.com/p/DIyAeekI1eO/?hl=ru
Аталған шараға бастауыш сынып оқушыларының белсенді қатысуы ерекше қуантты. Олар сүйікті ертегілері мен әңгімелерін кітапханаға зор мақтанышпен тапсырып, бұл кітаптар сыныптастарының қолына тиетініне сенімді болды. Акция барысында кітапхана қоры көркем әдебиетпен, танымдық және балалар әдебиетімен толықты – бұл кітаптар міндетті түрде өз оқырманын табады.

Просмотров: 824

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст