"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар! 2025-2026 оқу жылында оқу жылының аяқталуы, соңғы қоңырау шалу және қорытынды аттестаттау қарсаңында мектеп әкімшілігі Сіздің назарыңызды міндетті талаптардың сақталуына аударады

22.04.2026

Педагогикалық этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында:
- ата-аналар мен білім алушылардан ақша қаражатын жинауды ұйымдастыру;
- педагогтарға кез келген нысанда сыйлықтар сатып алу және тапсыру.
Аниматорлардың, агенттіктердің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ, кафе, мейрамханаларға, ойын-сауық орталықтарына және оқушылардың көпшілік болатын басқа да орындарға баруға жол берілмейтіндігіне назар аударыңыз.
Сондай-ақ ата-аналардың мектеп аумағында да, одан тысқары жерлерде де сынып атынан мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруына, ақшалай қаражат жинауына және ұжымдық шығыстардың өзге де нысандарына тыйым салынады.
Балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударуды сұраймыз. Кез келген іс-шаралар қатаң белгіленген талаптар шеңберінде жүргізілуі тиіс.
Әрбiр бiлiм алушы мектептiң iшкi тәртiбiн, сыртқы түрiне қойылатын талаптарды сақтауға, оқу жылының аяқталуы мен қорытынды аттестаттаудан өту кезеңiнде тәртiп пен жауапкершiлiк көрсетуге мiндеттi.
Құрметті ата-аналар, сіздің түсінігіңіз бен қолдауыңызға сенеміз.
Аталған талаптарды сақтау - бұл біздің балаларымыздың қауіпсіздігі, игілігі және оқу жылын табысты аяқтауы үшін отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі.

 

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст