"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектебімізде оқушылар арасында саптық ән байқауы өткізілді

07.05.2026

 Іс-шараның мақсаты — оқушылардың патриоттық сезімін арттыру, Отанға деген құрметін қалыптастыру, тәртіпке, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Байқау барысында қатысушылар саптық дайындықтарын, бірқалыпты жүру шеберліктерін, командаларды нақты орындауын және патриоттық әндерді орындау өнерлерін көрсетті. Барлық сыныптар байқауға жауапкершілікпен дайындалып, ұйымшылдықтары мен белсенділіктерін танытты.

Байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
 І орын — 1 сынып және 6–7 сыныптар;
 ІІ орын — 2–3 сыныптар және 8 сынып;
 ІІІ орын — 5–9 сыныптар.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Просмотров: 57


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст