Ұйымдар тізімі
04.06.2026
25 мамыр күні мектебімізде түлектерге арналған ерекше мереке – Соңғы қоңырау салтанатты түрде аталып өтті. Бұл күн оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін маңызды әрі әсерлі сәттердің бірі болды.
Мерекелік жиында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, алдағы өмір жолында сәттілік тіледі. Түлектер өз кезегінде білім мен тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасында өткен жарқын күндерін еске алды.
Іс-шара барысында әндер шырқалып, би биленіп, оқушылардың шығармашылық өнерлері көрсетілді. Соңғы қоңыраудың сыңғыры түлектер үшін балалық шақпен қоштасудың және жаңа өмір кезеңіне қадам басудың белгісі болды.
Барша түлектерімізге ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже, таңдаған мамандықтарына түсуіне және болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!