Ұйымдар тізімі
15 маусым күні мектебімізде 9-сынып түлектеріне аттестат тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өтті.Бұл күн мектеп өміріндегі маңызды кезеңдердің бірін аяқтаған оқушылар үшін ерекше әрі есте қаларлық оқиға болды. Салтанатты жағдайда түлектерге негізгі орта білім туралы аттестаттар табысталды.Түлектерге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі, ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алдағы өмір жолында биік мақсаттарға жетуге, білімдерін жетілдіруге, өз күштеріне сенуге және толағай табыстарға жетуге тілек білдірді.Мерекелік кеш жылы лебіздерге, шынайы қуанышқа және ізгі тілектерге толы болды. Түлектерімізді 9-сыныпты сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз! Оларға жарқын болашақ, жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DZmynNJIJGI/?igsh=aG5jeXk3ZXIwdmg5
9-сынып түлектеріне аттестат...