"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек — Білім күні

04.09.2026

1 қыркүйек күні Жаныспай ауылының жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.Бұл күні мектеп ауласы қуанышты жүздерге, достардың сағынышты кездесулеріне және жаңа оқу жылына деген ерекше көңіл-күйге толды.

https://www.instagram.com/reel/DcvRvltopfp/?igsi=MWxqbXh2cTJyMndkbA==

Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылса, тоғызыншы сынып оқушылары үшін бұл оқу жылы — мектептегі соңғы, ерекше жыл.Мектеп директоры оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, баршаға зор денсаулық, оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.Салтанатты жиынның ерекше сәті — бірінші және тоғызыншы сынып оқушыларының бірлескен көрінісі болды. Жоғары сынып оқушылары бүлдіршіндерді мектеп табалдырығын аттауларымен құттықтап, оларға ақжолтай тілектерін арнады.

Жаңа оқу жылы әр оқушы үшін жаңа білімнің, жарқын жетістіктердің және ұмытылмас мектеп күндерінің бастауы болсын!Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік!

Просмотров: 23


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст