Ұйымдар тізімі
04.09.2026
5 қыркүйек күні КГУ «Жаныспай ауылының жалпы білім беретін мектебінде» Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті.
Бұл күн еліміздегі тілдердің сақталуы мен дамуына, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді құрметтеуге, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ерекше мән береді.
https://www.instagram.com/reel/Dc23ViAoKwW/?igsi=dWhyaDRqZm94ZHZn
Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ерекшеліктерімен танысып, тіл туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық тапсырмаларға қатысып, өз білімдерін көрсетіп, тіл үйренудің маңыздылығын түсінді.

Іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Карташева Н.В. және Бахтинская А.А., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Биманова Ф.Ф., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бочкарев В.В. қатысты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға жақсы көңіл-күй мен жаңа білім сыйлады.
Тіл — халықтың рухани қазынасы. Тілдерімізді құрметтейік, бірге дамытайық!