"Ақмола облысы Білім басқармасы ауданы бойынша білім бөлімінің Жаныспай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Жаныспай отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Біздің педагогтеріміз «Жас ұстаз Digital: идеядан инновацияға» атты облыстық байқауда Есіл ауданын лайықты таныстырып, тамаша нәтижелерге қол жеткізді!

30.10.2026

Аудандық байқау кезеңінен сүрінбей өтіп, өз номинациялары бойынша I орын иеленген ұстаздарымыз облыстық кезеңде де бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінді!

Облыстық кезеңнің нәтижелері:

Бочкарев Владислав Владимирович — «Цифрлық дебют» номинациясы бойынша I орын.

Комарова Жасмина Михайловна — «Үздік цифрлық сабақ» номинациясы бойынша II орын.

Бұл жеңістер — табанды еңбектің, шығармашылық ізденістің, кәсіби шеберліктің және заманауи білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге деген ұмтылыстың нәтижесі.

Дарынды ұстаздарымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, шабыт, кәсіби жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! Тіпті шағын ауыл мектебі де үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдедік!

Просмотров: 22


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст