"Есіл ауданының білім бөлімінің Жаныспай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Коммунальное государственное учреждение «Жаныспайская основная школа отдела образования Есильского района»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мұғалімі Қабылбекова Г.С. сабағын өзіндік талдауы. Сыныбы: 4 сынып .Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім»

13.12.2017

Қазақ тілі мұғалімі Қабылбекова Г.С. сабағын өзіндік талдауы

Сабақ

өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Гүлнара Саматқызы

Күні: 22.02.2017 ж. Сыныбы:

4 сынып Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың

тақырыбы: «Менің мектебім»

Сабақтың

мақсаты: Мектеп  туралы алған теориялық

білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып

білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, ой қорытып, нақты шешім

жасауға үйрету, халқымыздың салт – дәстүрін, жеті атасын білуге топпен жұмыс

жүргізіп, бірін – бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1. Сабақты жоспарлағанда оқушылардың

қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау

қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра

сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2. Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар

ма?

Саяхат сабағы. Сабақта жеті

ата еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін,

ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін

пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.

3. Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма?

Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А. мектеп өмірі бойынша өткен

материалды қайталау, бекіту. Оқып үйренген материалдың қаншалықты

меңгергендерін байқау. 

Ә.

танымдық белсенділігін арттыру, тілдік қорын молайту, алған білімін жаңа

жағдайда пайдалана білуге баулу. 

Б.

мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін тәрбиелеу. 

4 Аталған

міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

 

мектеп туралы білімдерін

тереңдете  отырып оқушыларды мектеп туалы

айта алуға жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың

әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.

5  Сабақ кезеңдерінің арасында

байланыс  болды ма?

Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен

байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

6 Жаңа

тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы

оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау

технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп,

есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын

қалыптастыру қарастырылды”.

 

7 Оқушымен

жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?

мектеп туралы білімдерін тереңдете отырып, Абутай А., Еңбекова Ә. сияқты

ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, үлестірмелі арнайы

карточка таратылды.

8 Оқушылардың

сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін

түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен

өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа

тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9. Сынып

бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақ тақырыбы мектеп туралы болғандықтан мектеп туралы

суреттер, мектеп туралы айтылған сөздер, интерактивті тақта.

10 . Сабақ

барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына

мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында оқушылардың өзінің білім алатын ордасын  қастерлеуге және ұстаздарды құрметтеуге   тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет

көрсету басшылыққа алынды.

11.Үй

тапсырмасын беру

Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс

пайдалануға негіздеп, өздері оқыған мәтінге байланысты  сөйлем жазу тапсырылды

12. Қандай

да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға

талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

13. Мұғалім

көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Ойын

“Ғажайып дорба”, “Сөз жұмбақ”, “Бұл да қызық”, “Жұмбақ сұрақтар”, “Бұл қандай

сөз” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері

толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

 

Просмотров: 666


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст